Емтихан тапсырушыларға кеңес

Емтихан тапсыру сәтi жақындаған сайын, адам бойын үрей мен қорқыныш билеп, өзiн-өзi бақылауды жоғалтып жататын кездер де болады. 

     Үрейдiң алдын алу.

Адамның емтиханға дейiн ештеңеге бой үйренiсе алмауы қалыпты жағдай. Әсiресе, дайындық деңгейi әлсiз болса, жағдай тiптен қиындай түседi.

Мұндай уақытта, бәрiн өз қалпына салып, уақыт пен күш жiгердiң жұмсалуын бiрнеше бөлiкке бөлiп қойған жөн. Яғни, дайындық жоспарын белгiлеп, оқу уақытын және тақырыбын нақты анықтау. Осы тәртiп неғұрлым дұрыс реттелiп сақталса, дайындық соғұрлым сәттi болады.

  1. Үздiктер комплексi және қателесу құқығы.

Кейбiр оқушылар басқалардың алдында құрметке бөлену үшiн – үздiк болу керек деген мақсат қояды. Алайда “үздiк” болмай-ақ құрметке жетуге болатынын ұмытпау керек. Ең алдымен, өзiн-өзi қалыпқа түсiрiп, болған iске болаттай болып үйренген жөн. Мәселен, “төрттiк” немесе “үштiк” деген бағалар жеке бастың құны, тұлғалық сипаттың көрсеткiшi емес, тек белгiлi бiр тақырыпқа нақ сол уақыттағы бiлiм көрсеткiшi ретiнде ғана қарау керек. Және жеке дайындықты басқалардың дайындығымен салыстырып, мүмкiндiгiнше бiрге дайындалған тиiмдi.

 “Тек ештеңе iстемеген адам ғана қателеспейдi” деген қағиданы ұмытпаған дұрыс. Яғни, адамның кез келген жерде қателесуге құқығы бар. Емтиханда сәтсiздiкке ұшырап, тiптi шәкiртақыдан қағылғанда да, оны уақыт өте түзеуге болатынын ескеру керек. Оның қайта тапсыру құқығы берiлу ықтималдығы да жеткiлiктi. Ең бастысы, осының өзi – жинақталған тәжiрибе.

  1. Жаттау мен түсiну деңгейiн белгiлеу.

Кез келген дүниенi жаттап алғаннан гөрi оны қызығушылықпен оқыған ыңғайлы. Әрi жетiстiгi де мол болмақ. Көптеген тәжiрибелi мұғалiмдер оқушының жаттап алғанын емес, ойлау қабiлетiн, өз ойын жеткiзе алатынын ерекше бағалайды.

  1. Курстастардың және оқытушының алдында ұятқа қаламын деген ойдан аулақ болу.

Адамның қорқынышы мен үрейi шектеусiз. Осы қорқынышты уақытысында және өз мезгiлiнде басып тастауға дағдылану керек. Ұятқа қалу қорқынышы көбiне “сұраққа дұрыс жауап бере алмай қаламын” дегеннен туады. Осы арада: қорықсаң – жауап бере алмайсың, жауап беремесең – мүлдем ұятқа қаласың деген қиын жағдай пайда болады.

 “Сессия” немесе “емтихан” сөздерiн естiгенде естен танып қалмау үшiн не болмаса, қатты үрейге, уайымға салынбас үшiн келесi қарапайым ережелердi сақтаған жөн:

  1. Тақырыпты неғұрлым жаттап алмау керек, тек белгiлi бiр ұғымдар, белгiлер, соған байланысты элементтер ар­қылы есте сақтау қажет;
  2. Дәл емтихан күнi бәрiн қайта ақтарып, қайталаудың қажетi жоқ;
  3. Емтихан алдында ұйқыны қандырған жөн. Яғни түнi бойы кiтап оқып миды ауыртудың керегi шамалы.
  4. Емтихан тапсырар сәтте кабинет алдында күтудiң қажетi жоқ. Барынша алғашқылардың бiрi болып кiрiп кеткен жөн. Бiрнеше күн бойы жаттай алмаған дүние айналдырған жарты сағат, бiр сағатта жатталмайды. Ондай мезгiлде үрей де артады;
  5. Емтиханға ыңғайлы киiмде келген жөн (қыздар үшiн биiк өкшелi аяқ киiм мен қысқа юбкалардың керi әсерi бар), сондай-ақ дұрыс тамақтанып келудiң де оң әсерi бар. Және қандай жағдайда болмасын допинг, кофе немесе энергетикалық сусындарды iшпеген дұрыс. Тек қатты қажетсiнген жағдайда – тыныштандыратын дәрi-дәрмек қабылдау керек;
  6. Кешiкпеу керек! Әйтпесе, қорқыныш деңгейi тiптен үдей түседi. Ең дұрысы – неғұрлым ертерек келiп, өзiңдi-өзiң қолға алуға тырысу.

Қобалжуды жоюдағы ұсыныстар:

  • Міндетті түрде өзіңнің қобалжуларыңмен бөлісу.
  • Өзіңе ләззат әкелетін іс-әрекеттерді жасауға әрекеттену.
  • Ұйқыны тынықтырып, дұрыс тамақтану.
  • Өзіңді сергек ұстауға арналған жұмыстарды жасау (душ қабылдау, серуен, дене шынықтыру жаттығулары).
  • Жылаудан қорықпау
  • Жағымсыз әрекеттерді қалыпты жағдай ретінде қабылдау.
  • Қарым-қатынаста қысымшылық жасамау, үрей, қорқыныш туғызбау.
  • Өзіңе сенімсіздік пайда болған сәттерден бастап қолдау табуға тырысу.
  • Өз-өзіңді басқаруға арналған дағдыларды қалыптастыру.
  • Антистресстік тамақтану
  • Адамның миы дене мүшесі салмағының 2-3% құрайды., біздің күнделікті тамақтаныуымыздың 20% миға кетеді.
  • Есте сақтау қабілетті арттыруға – сәбіз
  • Қысым мен шаршауды басу – пияз
  • Төзімділікке – жаңғақ (жүйке жүйесін қатайтады)
  • Қобалжуды сейілтіп, көңіл–күйді көтеруге — ащы бұрыш, құлпынай, банан
  • Жүйкені ретке келтіретін –қырыққабат
  • Ми клеткаларын қоректендіретін, қан айналым жұмысын жақсартатын – теңіз балықтары мен таңқурай
  • Мидың жақсы жұмыс жасауын жақсартатын – ет және балық
  • Жұмыс жасауды арттыратындардың қатарына жатпайтын — қант
  • Таза қант болып келмейтін қанттың элементтері бар қақ жемістері, жаңғақтар, шемішке, ащы шоколад мидың жұмыс жасауын арттырады.
  • Балық майы кездесетін капсулаларды ішу емтихан алдындағы қобалжуды басады. Дәрігерлердің нұсқаулары бойынша қолдану керек. Емтихан алдында көкөністер қосылған теңіз балығын жеп, ащы шоколадпен (30 г) кофе ішкен дұрыс.  
Декабрь 2018
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Авг    
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31  
Жаңалықтар тізбегі

Талдықорған медициналық колледжі

040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы Талдықорған, Жансүгірова, 228 Тел: 8 (7282) 224334, medkolledg@mail.ru