Талдықорған медициналық колледжі

Орталық туралы ақпарат

Симуляциялық орталық – орта буынды медицина мамандарын дайындауда  таптырмас көмекші құрал. Оқу орталығы заманауи тренажерлар, манекендер және симуляторлармен жабдықталған. Бұл құралдар болашақ медицина қызметкерлерінің түрлі жағдайда қалай әрекет ету қажеттігін тәжірибе тұрғысынан үйренуіне септігін тигізеді. 

Медициналық қызметкерлерді дипломнан кейінгі білімдерін жетілдіру мақсатында жаңа технологияларды еңгізу симуляциялық оқытуды дамыту мақсатында 2014 жылдың 03.06.дағы ҚР  ДМ №300бұйрығының негізінде

«Талдықорған медицина колледжі»Базасында Аймақтық симуляциялық орталық ашылып,симуляциялық технологиялардың көмегімен медициналық білім беру және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби дайындықтарын бағалауды,тестілеуді,аттестаттауды жүргізуге мүмкіндік пайда болады.

Орталықтың мақсаты:денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби үздіксіз даму шараларын іске асыру,сондай-ақ денсаулық сақтау саласы мамандарының біліктілік дәрежесіне сәйкестігін бекіту және кәсіби дайындығына баға беруге қатысу.

Негізгі мақсат-симуляциялық оқу арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру және жетілдіру:

Бағалауды өткізуді ұйымдастыру және қатысу;денсаулық сақтау ұйымдарына деген қажеттілікті ескере отырып,симуляциялық жабдықты қолдану арқылы диагностикалық және емдік процедуралардың дағдыларын,операциялық процедуралар стандарттарына сәйкес науқастарға күтім көрсету бойынша дағдыларды өңдейді.

Қызметкерлер өздерінің білімі мен біліктіліктерін тәжірибе жүзінде сегіз клиникалық станцияларында көрсетеді:

«Анафилактикалық шокта жедел көмек көрсету», «Жіті коронарлық синдромда жедел көмек көрсету»,«Жүректің кенеттен тоқтауында көмек көрсету» : «жүрек өкпе реанимациясы»,«Жоғарғы тыныс жолдарының жіті өткізбеушілігінде  көмек көрсету »және тағы басқа.

Орталықтың ашылуына 51 млн. Теңге бөлініп,қажетті компьютерлі робот стимуляторлар,нақты медициналық іс-шараларды үйренуге арналған  фантомдар сатып алынған.

Орталық қазіргі заманғы технологиялармен қолданумен жабдықталған:жоғарғы интеллектуалды  параметрлерімен компьютерленген  манекен-тренажерлермен, робот-симуляторларымен, электрондық фантомдармен,модель-муляждармен және процестерді  үлгілеуге мүмкіндік жасайтын оқытудың басқа да құралдармен жабдықталған.Оқытудыарнайы дайындықтан өткен жаттықтырушы –нұсқаушылар жүргізеді.Мұнын барлығы медицина қызметкерлеріне түрлі жағдайда қалай әрекет етуді тәжірибе тұрғысынан үйретуге және тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.Орталық қызметкерлері мен педагогикалық ұжымның міндеті сабақ барысында әрбір білім алушының сабаққа байсалдылықпен және жауапкершілікпен қарауына жағдай жасау.

Орталықтың білім беру қызметі мамандарды үздіксіз кәсіби дамытуды модернизациялауға,ұйым арқылы тәжірибелік іскерлік пен дағдыны нығайтуға және диагностикалық және емдік процедураларды меңгеруге арналған  симуляциялық оқытуды өткізуге,науқастарға күтім көрсету дағдыларын (оқыту семинарлары,тренингтер,шеберлік-класстары)сонымен қатар денсаулық сақтау ұйымдарының қажеттіліктерін ескере отырып қосымша білім беру қызметтерін ұсынуға бағытталған.

Симуляциялық технолгиялардың негізгі басымдылықтары науқасқа зиян тигізбей оқыту және әрбір маманның қол жеткізген кәсіби дайындық деңгейін бағалау болып табылады.

Симуляциялық технологияларды қолдану кәсіби  қателіктерді жіберуді азайтуға мүмкіндік береді.

Оқыту барысында келесі симуляциялық жабдықтар қолданылады:

Науқастарға күтім көрсету манекені,босанатын айел мен жаңа туған баланың имитациясымен манекендер, «Госпитальға дейінгі»компьютерлік  робот-симулятор,тыныс жолдарын интубациялауға  арналған тренажер,орталық тамырларды катетрлеуге үйретуге арналған  тренажер,жүрек-өкпелік реанимацияны жүргізуге арналған ересек адамның және баланың манекені және тағы басқа.

Орталық аудиовизуалдық және басқа да техникалық құралдармен жабдықталған.Оқыту үрдісі мен тәжірибелік дағдыларды  өңдеу симуляциялық орталықта видиокамераға  жазылып,қатерлерді талдау мен сараптау үшін дебрифиндік залда көрсетіледі.

Декабрь 2018
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Авг    
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31  
Жаңалықтар тізбегі

Талдықорған медициналық колледжі

040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы Талдықорған, Жансүгірова, 228 Тел: 8 (7282) 224334, medkolledg@mail.ru