Директор блогы
IMG_3319

Құрметті сайт қонағы!

Талдықорған медицина колледжінің қызметіне қатысты Сізді қызықтырған мәселелерді талқылауға қуаныштымын.

Сіздің сайтта пікір қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныстар білдіруге мүмкіндігіңіз бар.

Колледж тарихы

Медицина колледжінің даму тарихы 1936 жылы Гавриловка ауылында (қазіргі Талдықорған қаласы), дәрігер – хирург Н.В. Желваков басшылығымен балалар мейірбикесін дайындайтын курстар ашылғаннан кейн басталды. 1940 жылы курстар облыстық мектепке ауысты.  Ұлы Отан соғысы кезінде жедел түрде оқытылатын мейірбикелер курсы болды, курстарды  СССР  денсаулық сақтау ісінің үздігі, бірнеше медальдар иегері Людмила Борисовна Кровякоская басқарды.  Мейірбикелер мектебінде қиын заманда  соғыс аумағындағы қалалардан көшіріп әкелінген  медицина мамандары Богоявленский, Автономов, Каверин сияқты профессорлар сабақ берді. 1954 ж мейірбикелер мектебі әр түрлі мамандарды дайындайтын  медициналық  училищеге ауыстырылды. 1993 ж училище білімгерлерді сатылай оқыту жүйесімен дайындайтын медициналық колледж болып өзгертілді, 2013 жылы колледж  ШЖҚ «Талдықорған медициналық колледжі» МКК болып өзгертілді. Әр түрлі жылдары Упир Филипп Максимович (1947 — 71); Сверлова Дорина Искаковна (1971 — 77); Жангарашев Касен Сагатович (1977 — 86); Какимов Боранбай Какимович (1986 — 87); Дрозд Виктор Маркович (1987 — 89); Богодухова Тамара Георгиевна (1989 — 97) директорлар болды. 1997 ж бері қарай медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты ұстаз, дәрігер гигиенист – эпидемиолог Серік Максимұлы Жансеңгіров колледжді басқарып келеді.  Ұйымдастырушылық қасиетінің арқасында аз уақыт ішінде колледж  республикадағы арнайы орта білім беретін мекемелердің арасындағы үздіктердің біріне айналды.

Талдықорған медициналық колледжі

040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы Талдықорған, Жансүгірова, 228 Тел: 8 (7282) 224334, medkolledg@mail.ru