Талдықорған медициналық колледжі

Жалпы мағлұмат

Кәсіподақ дегеніміз не?

Кәсіподақ, кәсіби одақтар – өндірістегі және өндірістен тыс салалардағы қызметкерлерді біріктіретін, өз мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқтары мен мүдделерін қорғау үшін құрылатын ерікті ұйымдар; қызметінің сипаты мен кәсіби мүдделерінің ортақтығына қарай ұйымдасқан азаматтардың бұқаралық ерікті қоғамдық бірлестіктері.

Кәсіптік одақ бұл — қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін жарғылық тапсырмаларға сүйене отырып ұсынатын және қорғайтын қоғамдық бірлестік.
Қазақстан Республикасының 1933 жылы 9 сәуірінен «Кәсіптік одақтар туралы» № 2107–XII Заңына сәйкес.

Кәсіптік одақтар — өз мүшелерінің еңбек, және тағы да басқа әлеуметтік-экономикалық мүдделерін ұсынуға және қорғауға арналған, олардың кәсіби мүдделерінің ортақтығы негізінде, азаматтармен ерікті түрде құрылатын өздік, бекітілген жеке мүшелігі бар қоғамдық бірлестіктер.

Кәсіподақ ұйымының жұмысының мақсаты:

 

Кәсіподақ ұйымының  мүшелерінің өмір сүру деңгейлерін көтеру, еңбек және әлеуметтік кепілдіктерін сақтауды қамтамасыз ету.  


Кәсіподақтың   ұйымының негізгі міндеттері:

— кәсіподақтың өз мүшелерінің заңды мүдделерін қорғау мақсатына қол жеткізудегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының іс-әрекетін үйлестіру мен күштерін біріктіру;

— кәсіподақ мүшелерінің кәсіби, еңбек және өзге де әлеуметтік-экономикалық құқықтары  мен мүдделерін қорғау мен жүзеге асыруға жағдай жасау;

— кәсіподақ мүшелерінің мүддесі үшін мемлекеттік биліктің тиісті жергілікті  органдарында өкілеттік ету;

— кәсіподақ мүшелерін құқықтық қорғауды қамтамасыз ету;

— сала ұйымдарында әлеуметтік әріптестікті дамыту болып табылады. 


Кәсіподақ ұйымының жұмысының мазмұны:

Еңбек және басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен өз мүшелеріннің мүдделерін қорғау.

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Кәсіподақ мүшесі:

кәсіподақ тарапынан өзінің әлеуметтік-еңбек, кәсіби құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына;

кәсіподақ ұйымдарымен жасалған ұжымдық шарттар мен келісімдердің нәтижесінде қызметкерлер үшін көзделген жеңілдіктер мен артықшылықтарды пайдалануға;

 кәсіподақ ұйымдарының қызметіне атсалысуға;

кәсіподақ органдарының қызметі туралы ақпарат алуға, шешімдерді әзірлеу, талқылау және қабылдауға қатысуға;

сайланбалы кәсіподақ органдарына, кәсіподақ жиналыстары мен съездеріне делегат сайлауға және сайлануға;

өз мүдделеріне қатысты сұрақтар талқыланатын сайланбалы кәсіподақ органының отырыстарына қатысуға;

кәсіподақ қызметіне қатысты сұрақтар бойынша тегін кеңестер мен құқықтық көмек алуға;

жеке өтініші негізінде кәсіподақтан ерікті түрде шығуға құқылы.

Кәсіподақ қызметіне белсенді араласқаны және атсалысқаны үшін кәсіподақ мүшелері келесі ынталандыру (көтермелеу) түрлеріне ие бола алады:

  • кәсіподақтағы ерекше белгілермен және Құрмет грамоталарымен марапатталу;

Іс-шаралар:

  • Мерекелік іс-шаралар ( мұғалімдер күні, Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл, колледж ұжымы арасындағы спорттық шаралар, 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні, Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз, 7 мамыр ҚР қарулы күштер күні, медицина қызметкерлері күні, зейнетке шығарып салу салтанатты рәсімі т.б.)
  • Қайырымдылық іс-шаралар (аналар мен балалар үйіне көмек көрсету, қайырымдылық сұраныстарға ат салысу, ұжым арасында көмек көрсету, стационарлық емдік шаралар т.б.)
  • Ұжым мүшелерін Құрмет грамоталарымен, кәсіподақ бірлестіктерінің (кауымдастықтары) ерекше белгілерімен және мемлекеттік наградалармен, құрметті атақтармен марапатталуға ұсыну.
  • Сыйақы беру, бағалы сыйлық алу, алғыс жариялау, өзге де ынталандыру шаралары, жазғы демалыс орындарына жолдама беру т.б.
Декабрь 2018
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Авг    
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31  
Жаңалықтар тізбегі

Талдықорған медициналық колледжі

040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы Талдықорған, Жансүгірова, 228 Тел: 8 (7282) 224334, medkolledg@mail.ru