КОЛЛЕДЖДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

Имангалиева Мадина Есенгалиевна

Талдықорған медицина колледжінің педагог-психологы 

Келелі мәселе: өмірге әлеуметтік-психологиялық көзқарасы қалыптасқан, өзінің эмоциясы мен сезімдерін басқара алатын, психикалық денсаулығы мықты, рухани бай, кіші буынды медицина қызметкерлерін жетілдіру.

Мақсаты:

  • білімгердің өзіндік, әлеуметтік, эмоционалдық және физикалық аспектілерін байқап, бейімдеу үрдісін жүргізу;
  • оларды жас ерекшеліктеріне қарай зерттеу;
  • құрдастарымен және ересек адамдармен қарым-қатынасы нәтижелі болуы үшін білімгерлерге психологиялық бағыт-бағдар беру;
  • оқытушы мен білімгер арасындағы қарым-қатынастың дұрыс болмауының психологиялық себептерін, тәртіпсіздік және үлгермеушілікті анықтау, жағымды жеке сапаларын дамыту;
  • тиімді әдіс-тәсілдердін қолдана отырып, оқушыларға психологиялық тұрғыдан ықпал ету;
  • жеке тұлғаның өмірге қызығушылығы мен оның дамуындағы әр түрлі қиыншылықтарды жеңуге кеңес беру;
  • білімгерлердің танымдық әрекеттерін, бейімділігін, жағымсыз қылықтарын анықтап, түрлі психологиялық іс-шаралар ұйымдастыру;
  • білімгерлерге, ата-аналарға, оқытушыларға қажет кезде көмек көрсету.

 Міндеттері:

  • өмірге икемді, өз көзқарасын, ойын еркін жеткізе алатын, өзіндік пікірі бар тұлғаны тәрбиелеу;
  • әрбір білімгердің алдына қойған мақсатына жетуге психологиялық әсер ету;
  • тұлғаның мінез-құлқының мүмкіндіктерін ашуға көмектесу;
  • ұжымда жағымды психологиялық хал-ахуалдың болуына әсер ету;
  • жекелеген ауытқушылықтардың алдын-алу;
  • бәсекеге қабілетті маман даярлауға психологиялық әсер ету.

Күтілетін нәтиже:

  • әрбір білімгер өзінің жеке тұлғасы мен ұнамды кескінін тануы
  • тұлғаның мінез-құлқының мүмкіндіктерін ашу;
  • әрбір білімгердің алдына қойған мақсатына жетуі;
  • топтағы жағымды психологиялық хал-ахуалдың орнауы;
  • жекелеген ауытқушылықтардың анықталуы;
  • психикалық дені сау, бәсекеге қабілетті маман.
Декабрь 2018
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Авг    
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31  
Жаңалықтар тізбегі

Талдықорған медициналық колледжі

040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы Талдықорған, Жансүгірова, 228 Тел: 8 (7282) 224334, medkolledg@mail.ru